Подкастқа жазылу жолдары

 

Менің аудио подкастыма жазылғыңыз келгені үшін үлкен рахмет! Аудио подкаст әлемінде дос болатындығымыз үшін өте қуаныштымын!

Жазылу өте оңай! Егер телефоныңыз Iphone болса, онда телефоныңызда подкаст деген күлгін түсті қосымша болу керек. Ол барлық Iphone телефондарында басынан ақ болады.  Ал егер ұялы телефоныңыз Андроид болса, Google Play Market дүкенінен “Подкаст” деп жазып, кез келген тегін қосымшаны жазып алыңыз.

Қосымшаға кіргеннен кейін “Тамаша жыл” деп  іздесеңіз менің подкастым шығады. Ары қарай менің подкастымды таңдап, Жазылу/Подписаться/ Subscribe батырмасын басыңыз. Вуаля, енді менің аудио жазбаларымның ешқайсысын жоғалтып алмайсыз!

Көп рахмет!

Ізгі ниетпен: Талшын

 

Добавить комментарий