Эпизод #13. Қайырымды болудың “оңай” әрі тез жолдары

Егер сіз өзіңізді супермен не суперумен болып сезініп тұрсаңыз, әлемді құтқарудың оңай жолдары бар. Оған апатты жағдайды немесе басқа ғаламшарлықтардың шабуылын күтудің керегі жоқ. Шын айтамын. Осы тұрған жерімізде, дәл осы уақытта кішкентай қадамдар арқылы әлемді сәл болсын әдемі ете аламыз. Бүгінгі подкастта қайырымды болудың “оңай” әрі тез жолдары жайлы айттым (сілтемесі төменде). Ағылшынша random acts of kindness 🙂 Мен оны кездейсоқ қайырымдылық істері деп аударғым келеді. Егер менің тізіміме қосар істеріңіз болса, төменде жазып қалдырыңыз. Себебі қайырымды істер ешқашан артықтық етпейді.

 

Бүгінгі күннің қанатты сөздері:

Ештеңе күтпестен, бір күні саған да біреу солай істер деген оймен кездейсоқ қайырымдылық істерін істе (Диана ханшайым).

Қай жерде адам болса, сол жерде қайырымдылық істеуге де мүмкіндік бар (Сенека).

Қайырымдылық – саңырау адамды естіртетін, соқыр жанды көргізетін тіл (Марк Твен).

Бүгінге осы! Кездескенше.

 

 

6 Replies to “Эпизод #13. Қайырымды болудың “оңай” әрі тез жолдары”

  1. Өзгелерге жақсылық жасауға өзімізден басқа ешкім кедергі келтіре алмайды. (Авторын ұмыттым).

    “Кім бір адамның бір қиындығын жеңілдетсе, Алла ол адамның жетпіс түрлі қиындығын жеңілдетіп қояды” (мұсылман тәмсілі).

    1. Әдемі қанатты сөздерді қалдырып, ойыңызды білдіріп жатқаныңызға көп рахмет! Бұл әлемді бірге әдемілендіре түсейік!

  2. Талшыыын, маған қатты ұнады! Дауысың сондай табиғи, жағымды! Бақытты бол!

    1. Ұлболсын, көп рахмеет! Жылы сөздерің маған мотивация береді. Күнің сәтті өтсін, сұлу қыз!

  3. Салеметсиз бе Талшын, сиздин подкастка томенде силтеме корсетилгенимен алшылмай тур, кайтадан жанарта аласыз ба? Аппл стордан жуктеуге

    1. Сәлеметсіз бе, қызығушылық танытқаныңызға рахмет! Ең алдымен телефоныңыздың ішінде әу бастан болатын күлгін түсті “Подкаст” қосымшасы бар ма екенін тексеріп көріңіз. Айфон болса, көп жағдайда болады. Егер жоқ болса, онда Эпл сторға кіріңіз де, “Подкаст” деп іздеп, қосымшаны көшіріңіз. Кейін ол орнатылғаннан кейін, оның ішінде іздеу бөліміне “Тамаша жыл” деп жазсаңыз, менің подкастым шығады. Ішіне кіріп, жазылу/подписаться десеңіз. жаңа эпизодымның бірде біреуін жіберіп алмай тыңдайтын боласыз. Рахмет!

Добавить комментарий