Чарли Чаплиннің 70 жасқа келгенде айтқан тамаша сөздері

Маған бұл сөздер өте қатты ұнады. Неге бұрын оқымаған екенмін?!

Мен өзімді жақсы көріп бастағанымда сағыныш пен қайғының болуы – менің өз шындығыма қарсы өмір сүріп жатқанымды көрсететін ескерту сигналдары екенін түсіндім. Бүгін мен мұны “Өзің болу” деп атаймын.

 

Мен өзімді жақсы көріп бастағанымда  адамды уақытынан бұрын мазалап, ол адам әрі дайын болмаса да, оның ішкі тілегінің орындалғанын талап ету арқылы ол адамды, яғни өзімді, қатты ренжітуге болатынын түсіндім. Бүгін мен мұны “Өзіңді құрметтеу” деп атаймын.

 

Мен өзімді жақсы көріп бастағанымда  басқа өмірді тілеуімді тоқтаттым және дәл қазір мені қоршаған өмір менің дамуыма қажетті барлық мүмкіндіктерді ұсына алатынын түсіндім. Бүгін мен мұны “Кемелдену” деп атаймын.

 

Мен өзімді жақсы көріп бастағанымда  қандай жағдай болмасын мен дұрыс жерде, дұрыс уақытта тұрғанымды және барлық істер дәл өз уақытында болатынын түсіндім. Сондықтан мен енді әрқашан сабырлымын. Бүгін мен мұны “Өзіңе сену” деп атаймын.

 

Мен өзімді жақсы көріп бастағанымда  өз уақытымды ұрлап, үлкен болашақ жобалар туралы армандауымды доғардым. Қазір маған қуаныш сыйлайтын, мені бақытты ететін, жүрегімді жымидыратын, өзім жақсы көретін істерді ғана істеймін. Мен мұны өз қалауыммен, өз жылдамдығыммен істеймін. Бүгін мен оны “Қарапайымдылық” деп атаймын.

 

Мен өзімді жақсы көріп бастағанымда өзімнің денсаулығыма зиян келтіретін тамақтан, адамдардан, заттар мен оқиғалардан өзімді еркін еттім. Мені төмен қарай сүйрейтін, мені жолымнан адастыратынның бәрінен құтылдым. Бүгін мен мұны “Өз өзіңе деген махаббат” деп атаймын.

 

Мен өзімді жақсы көріп бастағанымда әрқашан дұрыс болуымды тоқтаттым. Содан бері мен көп қателеспейтін болдым. Бүгін мен мұны “Кішіпейілділік” деп атаймын.

 

Мен өзімді жақсы көріп бастағанымда өткенмен өмір сүруімді және болашақ жайлы уайымдауымды доғардым. Мен қазіргі сәтіммен өмір сүремін және бүгін мен мұны “Қанағаттану” деп атаймын.

 

Мен өзімді жақсы көріп бастағанымда ақылымның маған кедергі келтіретінін, тіпті одан ауырып та қалуға болатынын түсіндім. Алайда ақылымды өзімнің жүрегіммен қосқаннан бері ол менің бағалы серіктесіме айналды. Бүгін мен оны “Жүректің даналығы” деп атаймын.

 

Бізге енді даулардан, шектеулерден, өзімізбен және басқалармен болатын мәселелерден қорқудың қажеті жоқ. Жұлдыздардың өзі соқтығысады, олар соқтығысқанда жаңа әлемдер пайда болады. Бүгін мен оның “Өмір” екендігін білемін.

 

P.S. Егер қазақша аудармам түсініксіздеу болып жатса, ағылшынша немесе орысша нұсқаларын оқып көріңіз.

 

Добавить комментарий