Эпизод #23. Жаман әдеттерімізбен күресу неге қиын?

Біз тәтті заттарды көп жеу сияқты кез келген жаман әдетімізді жою біздің ерік жігерімізге ғана байланысты деп ойлаймыз. Ерік жігеріміз аз болса жейтін тамақтарымызда көп қант пен пайдасы жоқ қоспалар болады. Алайда мидың жұмысын көбірек зерттеген сайын, болып жатқан оқиғаларға ерік жігерден басқа да факторлар әсер ететінін түсінеміз. Ең қызығы және бір белгілі шындық: біздің әдеттеріміз біздің миымыздың қалай жұмыс істейтінін өзгерте алады екен.  Басында жай ғана іс, кейін әдет болған әрекеттер миымыздың схемасын өзгертеді. Сол істерді қайталау арқылы уақыт өте келе ол өзгерістер күшейін, миымызда беки түседі.  

Толығырақ аудиодан тыңдай аласыздар.

Қортынды: Әдеттеріміздің қандай қуатты күшке ие екенін түсінгеніміз  саналы өмір сүруге бір қадам жақын ете түседі деп ойлаймын. Егер өзіңіз ұнатпайтын әрекеттерді жоямын деп, бірақ арасында өзіңізге жеңілдіктер жасай берсеңіз, мидағы схема одан сайын бекіп, кейін сіз оны өзгерте алатын күшіңізді жоғалтасыз.

Добавить комментарий