Таңғы оятқыш дыбыстар

Таңертең ояну қиын ба? Бізде сізге сыйлық бар! Будильниктің басты ауыртатын дыбыстарын қолданғанша мотивациялық сөздері бар біздің оятқыштарды қолдан!

Бұл мен өзім іздеп жүрген заттардың бірі болған. Себебі күнде ұйқыға жатар алдында таңға көп істер жоспарлап қойсам да, таңертең ояну қиындық туғызады. Себебі, таңертең мен бәрін ұмытып кетемін, істейтін ештеңем жоқтай, тұруға ерінемін. Ішімнен миллиондаған сылтаулар ойлап тауып, ұйқымды бес минутқа болсын созамын. Одан кейін менің жаныма біреу келіп, менің өмірдегі мақсаттарымды айтып, ынталандырып, тұрғызса деп армандайтынмын. Өкінішке орай, ол мүмкін емес. Бас жағыма бүгін істеу керек жоспарымды іліп көрейін деп ойладым. Бірақ ол да мүмкін емес. Себебі таңертең кім көзін ашып, қағаздарды оқымақшы?! Сондықтан, дыбыстан артық ештеңе жоқ қой деп ойладым. Дайын бір дыбыстар болса, көшіріп алайын деп едім. Ондайды да таппадым. Сөйтіп өзім жасауым керек болды. Міне бұл солардың алғашқы екеуі. Бұйырса әлі талай нұсқаларын жасайтын боламын.

Оятқыш #1

Оятқыш #2

Мына сілтемеге өтіп, көшіріп, кейін компьютер арқылы телефоныңызға жүктеп ала аласыз –> https://cloud.mail.ru/public/B1sC/5U5DDN37L Ал ВК-да тыңдау жеңіл болса: –> https://vk.com/kazakhshapodcast?w=wall-140901666_89

 

Сәлеммен,

Талшын

Добавить комментарий