“Тамаша жыл” подкастының елшісі болыңыз!

“Тамаша жыл” қазақша подкастының елшісі бол! #QpodcastAmbassador – әрбір берілген жаңа күнді сыйлық деп қабылдап, өзін және айналасындағыларды ұлы істерге ынталандырар ерекше жандардың тобы!

Талаптар

  • “Тамаша жыл” подкастының тұрақты тыңдарманы
  • Аптасына 2-3 сағат уақытын “Тамаша жыл” подкастын дамытуға бөлу
  • Кем дегенде екі әлеуметтік желіде тіркелген
  • Әлеуметтік желіде кем дегенде 100 досы/жазылушысы бар

Не істейсіз?

  • “Тамаша жыл” подкасты туралы көбірек адамдардың білгенін қамтамасыз етесіз.
  • Оң өзгерістердің, бірге дамудың, биік мақсаттар, өмірді әдемі етіп өмір сүрудің жаршысы боласыз. Жан жағыларыңызды ынталандырасыз.
  • Жаңа елшілерді табу, оларды оң өзгерістердің себепшісі болуға үгіттейсіз.

Пайдасы:

  • Әлемді кішкентай қадамдарыңызбен оң жаққа қарай өзгерте аласыз!
  • Өзіңізге ұқсайтын, армандары биік жандармен бір топқа қосыласыз.
  • Вебсайтта, әлеуметтік желіде есіміңіз аталады, сүйікті елшілерімізді әрқашан марапаттаймыз.
  • Тұрақты кездесу, мотивациялық тренинг (әзірше тек Алматы қаласында)
  • Онлайн құпия топ, онлайн мотивациялық ақпарат алмасу, бір бірімізді ынталандыру
  • Және сіздің ұсынысыңыз

Егер #QpodcastAmbassador болғыңыз келсе, мына форманы толтырыңыз -> https://goo.gl/forms/dg6WUUHmbn2IFFoU2

Сіз туралы ақпаратты асыға күтемін! Өзімізді және әлемді бірге оң жаққа қарай өзгертейік! Рахмет! 🙂

 

Добавить комментарий