#65. 10 000 сағаттық ереже: әлемдік эксперт бол

10 000 сағаттық ереже туралы естіген боларсыз. 2008 жылы Малкольм Гладуэлл өзінің “Outliers”  кітабында әлемдік дәрежедегі эксперт болу үшін 10 000 сағаттық еңбек қажет деген танымал теорияны ұсынған болатын. Бұл эпизодта сол кітапта талқыланған мысалдар талқыланды. Әрине, соңғы кездері саналы түрде үйрену немесе сағаттың санына емес, сапасына жұмыс істеу арқылы одан жылдам уақытта да сарапшы болуға болады деген пікірлер көп. Алайда еңбек пен бөлінген назарды ештеңе алмастыра алмайды деп ойлаймын. Осы эпизодты тыңдағаннан кейін, көбірек еңбек етіп, әлемдік дәрежедегі эксперт болуға ұмтыламыз деген тілегім бар.

Добавить комментарий