#69. Ең ерекше күз: күзде не істеуге болады?

Қыркүйек келді, күз келді! Күздің келуімен түн ұзарып, күн қысқаруда. Сұр бұлт аспанды қаптап, тұманданып, жел соғып, ақырындап біз де қысқа дайындала бастаймыз. Дәрігерлер күзбен бірге маусымдық көңіл күйдің ауытқуы да болады деп бізді қорқытады. Күз сағыныштың, көңілсіз күйлердің баламасы ретінде де қолданылып жатады. Ал біз күздің ерекше, түрлі бояуларға толы екендігін түрлі жолдармен көрсетіп, сізге мотивация берсек дейміз! Рухани және жеке дамуыңыз үшін күзді ең жақсы өткізуге практикалық кеңестер дайындадық. Тыңдап көріңіз, бағасын беріңіз.

P.S. Эпизодқа көмек бергендері үшін тобымның мүшелері Альбина, Жамал, Нұрболат және Арайлымға ерекше алғыс білдіргім келеді. Сіздердей қазақ жастары көп болсын!

Добавить комментарий