#71. Креатив: Шабытты табудың жолдары

Өлең болсын, шығарма болсын, тіпті менің подкасттарым болсын : өте креативті процесс. Және оларды жазу процесім – менің ең бақытты сәттерім. Креативті ойлау статусына өту үшін біраз уақыт кетеді, алайда ішіне кіріп кеткен соң мені алып шығу сондай қиын. Мен өзімнің кім екенімді ұмытамын, мен уақыттың қашан және қалай өтіп кеткенін байқамай қаламын. Мойындаймын, шабыттанғаннан кейін бәрі тамаша жүргенімен, оған дейінгі процес адамды біраз қажытады. Уақыт жоқ, көп заттар кедергі келтіреді. Тақырып жоқ, бүгін тақырып тапсаң да, кейін ол сені қызықтырмайтынын көресің. Ұзақ уақыт мониторға қарап не жазатыныммды білмеген кездер де болды. Сол үшін біраз күндердің бос өткені де болды. Бүгін креативтілік, шабытты табу туралы сөйлескім келеді. Шабыт ол тек подкаст жазу үшін ғана керек деп ойламаймын. Кез келген жобаны бастауда, жаңа идеяларды табуда, дамытуда креативтілік, шабыт қажет.  

Бұл эпизодта ең алдымен өзіме көмектескен жайттармен, одан кейін жақында өзім танысқан кітаптағы фактарммен бөлісемін.

  1. Ең бірінші шабыттың келуі, жаңа иделялардың келуіне ең басты жауапты мүшеміз – біздің миымыз. Сондықтан миымызға көбірек жаттығу жасатып, оны шынықтыру қажет. Ол үшін: жаттығу жасаймыз. Миға арналған арнайы жаттығу емес, кәдімгі денемізге арналған спорт. МИдың жұмысын жақсартады, жылдамдатады. Жаңа заттар оқимыз: оқу арқылы жүйке талшықтарымыз бір бірімен байланысады. Икемділігі арта түседі. Медитация: үндемей ішіңіздегі ойларды тыңдау арқылы депрессия азаяды, креативтілік артады,  мидың жұмысы жақсарады.
  2.  Барлық мүмкіндіктерге ерік береміз. Жақсы идеяны бірден табу қиын. Мониторыңыздың алдында, немесе түк жазылмаған ақ парақты ұстап алып отырсаңыз, солай жалғастырып отыра беруге болмайды. Бір жерден бастау керек. Ойыңызға келген барлық ойларды, идеяларды тізіп жаза беріңіз. Идеяны жаман, жақсы деп бөлмеңіз. Тек сыртқа шығарыңыз.  Ақырындап ми да қосылып, өз жемісін бере бастайды.
  3. Миымызға еркіндік  береміз. Кейде ең тамаша идеялар біз ойламаған жерден шығады. Ми біз басқарып, диктаторлық режиммен қысым көрсету арқылы ең жақсы нәтиже бермейді. Кейде өзіңізге біраз уақытқа демалыс беріңіз. Арнайы тапсырма бермеңіз. Жалқау болыңыз. Миыңыз өзі сан саққа жүгіріп, өз қалағанын істесін. Ол үшін сыртқа шығыңыз, жан жағыңызға мән беріңіз. Паркте серуендеңіз. Мен әдетте жүгірген кезімде миыма үлкен еркіндік беремін. Барлық әлемнен, мені ұстап тұрған жағдайлардан тәуелсіз боламын. Тек мен, алда бір сағаттық жүгіру, Жүгіріп жүргенде мен күнделікті мен болудан қаламын. Басқа тәуелсіз, кәдімгі Талшыннан биігірек бір тіршілік иесі боламын.
  4. Жаңа адамдармен танысыз. Оларға сұрақ қоюға тырысыңыз. Әлемнің сіз қарастырмаған бөліктері туралы ойланыңыз. Адамдар, ақпаратттың, идеялардың ең тамаша көзі. Жаңа орта көбінесе ыңғайсыз, біртүрлі сезіледі. Алайда сол ыңғайсыз, комфорт зонамыздан тыс істер ғана бізді өсіреді.
  5. Мен үшін ең тамаша шабыт алып келетін, эпизодтарымның қозғаушы күші – музыка. Мені музыканы жақсы танып, ажырата алмаймын. Алайда классикалық инструменталдық музыка маған ерекше шабыт береді. Миым өзі қанаттанып, жаңа мүмкіндіктерді, есіктерді ашады. Подкасттарымның сөзі музыкамен бірге өздері келе бастайды. Ал маған тезірек барып, қағазға түсіру ғана қалады. Кейде идеям болса да, бірақ қалай жеткізуді білмеген кезде де, инструменталдық музыка мені бір жолға салады. Сондықтан бұл менің ең сүйікті әдісім!

 

II. .Тим Хэнфорд күтпеген оқиғалар мен жағдайлардан туындайтын шабыт туралы баяндайды, оларға мысалдар келтіреді.  Өмір деген хаос, одан қорқатын ештеңе жоқ! Барлық белгісіздікке ашық бол! Сөйле, істе, ойла!

 

  • Кітап Keith Jarrettтің Кельндегі концерті туралы оқиғамен басталады. Бұзылған, дыбыстары қалыпқа келтірілмеген пианиноны көрген Кейс Джерет басында пианиноны ауыстыруды талап етіп, шығып кетеді. Кейін концертке аз уақыт қалғандықтан, ұйымдастырушы қыз пианиноын ауыстыра алмайды. Әлгі қыз жалынып, жалбарынып, артистті концертті өткізуге көндіреді. Ең соңында бұл концерт ең көп сатылған пианино альбомына айналады. Сөйтіп, музыкантшы хаостың ішінде тәуекелге бел буа отырып, өзі қаламаған жерден табысқа жетті.

 

  • Мартин Лютер Кингиің атақты “Менің арманым бар” толғауы есіңізде бар болар?  1963 жылы Мартин Лютер Кинг аса ерекше емес толғауымен шығып кетіп бара жатқан болатын. Сол кезде әнші Махалиа Джексон “ Мартин, оларға арман туралы айт” деп айғайлап қалды. Ақырында бұл сөз әлемдегі ең атақты толғаудың дүниеге келуіне алып келді.

 

  •  Когнитивтік психология. Кейбір қиындықтар біздің тиімідіілігіміздің, нәтижемізді жақсартуы мүмкін. Психолог Дэниел Оппенхеймер мектеп мұғалімдерімен бірге арнайы тәжірибе жасаған. Оқушыларға таратылатын материалдардың шрифтерін әртүрлі етіп таратқан. Бір оқушыларға әдеттегідей Таймс Нью Романмен берсе, кейбір оқушыларға курсивпен Комик Сенс сияқты күнделікті өмірде жиі қолданылмайтын шрифтерді қолдана отырып, материалдарды құрастырған. Жылдың соңында күрделірек шрифтермен жазылған материалды оқыған оқушылар көбірек табысқа жеткен. Дәл осыған ұқсас Гарвардтың бакалавр студенттері арасында жүргізілген. Шейли Карсон назарын бір затқа аудара алмайтын, сыртқы әсерлерді тез қабылдаған студенттер басқа студенттерге қарағанда эсселерін өте креативті түрде жазатынын, алғашқы кітаптарын тез аяқтайтынын байқаған.

 

  •  Композитор Брайан Ино  туралы мысал тіпті керемет. Ол соңғы қырық жылда жазылған рок н ролл альбомдарының артында тұрған тамаша музыкант. Дэвид Боуидің “Қаһармандар” , U2нің  “Achtung Baby”  альбомымен,  Колдплэймен және басқа да атақты өнер жұлдыздарымен еңбек еткен. Оның альбом жазудағы басты жұмысы: хаос тудыру. Креативті жұмыстарына адам басына келмейтін ыңғайсыз, бір қалыпты емес процестерді енгізу. Оның креативті енгізудегі басты қолданатын әдісінің бірі: Oblique Стратегиясы деп аталатын карталардың жиынтығы. Процес барысында бір жерде тоқтап, ары қарай не істеу керек екенін білмегенде Брайан картаның бірін алып, сол істі процеске қосады. Мысалы, “Инструменттерді ауыстыр”, “кенеттен ешкім күтпеген іс істе. Музыкаға оны қос” Әрине бұл карталарды музыканттар ұнатпайды.  Алайда біз жақсы көрмейтін істер бізге көмектеспейді деген сөз емес.

Добавить комментарий