#73. Жеке даму үшін 2 жеңіл инвестициялық шешім

Өткен аптада уақытыңызды қалай өткіздіңіз? Өзіңіздің дамуыңызға көңіл бөлдіңіз бе? Бос уақытыңыз тіпті болмайды дейсіз бе? Ал бір сәттерде бос отырып қалып, әлеуметтік желіге кіріп кеткен сіз емес пе? А жоқ, ол сіз емес екенсіз ғой. Жұмыста, сабақта болдыңыз. Жеке істеріңізді аяқтадыңыз. Отбасылық шаруаларыңыз да шығып қалыпты. Білемін, түсінемін. Мен де дәл солай! Енді сізге бір жаман жаңалығым бар. Қалай айтсам екен?! бұл уақыт осыдан артық болмайды енді.Барлығымызға жиырма төрт сағат беріледі. Күндердің бір күнінде біздерге сиқыршы келіп, қосымша уақыт тауып бермейді енді! Қолымызда бар уақытты тиімдірек қолданудан басқа біздің қолымыздан ештеңе келмейді. Өкінішті енді, ертең дейтін тамаша күнге бәрін итере салғыңыз келетін білемін. Бірақ бүгінді қалай өткізсеңіз ертең де дәл солай өтеді. Ертең деген де біз күтетін ертегі күн емес. Енді сол алай дүлей болып өтіп жататын өмірімізге зиян келмейтіндей, өте аз уақыт қолданып өзімізді дамыта аламыз ба? Бұл жерде сізге жақсы жаңалық айтуым керек. Иә, өткізе алатын сияқтымыз! Егер сіз күніне кем дегенде бір сағат өзіңізге арнасаңыз, дегдрадацияға ұшырамай алға қарай жүре алатын сияқтымыз. Былай істеп көрейік.

Жарты сағатты білімге, жарты сағатты денсаулығыңызға арнаңыз! Жарты сағат? Талшын, ол уақытта не бітіріп қарық қыламын? Шошымаңыз! Егер күніне жарты сағаттан 360 күн дайындалсаңыз 10800 минут шығады. Ол дегеніміз 180 сағат немесе қалыпты аптасына қырық сағаттық жұмыс күні бар бір толық ай! Сіз бір ай бойы осы істі істеумен тең! Әрбір күнге шаққанда сондай аз! Ал тама тама, үлкен дарияға айналады! Біздің қарапайым адамдардың бір қателігіміз: бәрін бірден үлкен көлемде болғанын қалаймыз.  Ал кішкентай істердің уақыт өте қуатқа айналатынын ұмытып кете береміз. Сонымен

30X360=10800 min/60=180= 1 айлық толық жұмыс уақыты

Отыз минутты білімге арнайық. Білім мектеппен, университетпен аяқталып қалмады. ОЛ ары қарай жалғасады. Қандай салада өзіңізді дамытсам деп армандап жүрсіз? Шет тілін үйренгіңіз келе ме? Бағдарламалау тілін үйреніп, технологияның тілін тапқыңыз келе ме? Бір кітапты көптен бері оқығыңыз келіп жүрме? Онда осы жарты сағаттың солардың біріне арнаңыз. 

Отыз минутты денсаулыққа арнайық! Спорт туралы миллион сөз айтуға болады. Өзіңізге ұнайтын спорт түрімен шұғылданыңыз! Жарты сағатта жай ғана паркте жүре аласыз немесе өзіңізге сәл қысым көрсетіп, біраз терлеңіз!

 

Добавить комментарий