#74. Тоқтамаймын, тоқтауға құқығым жоқ.

Бір, екі, үш … Жүрегім соғып тұр. Даусым да сізге естіліп тұрған болар. Иә, иә, тірі сияқтымын. Мен тірімін…

Подкасттарың қайда? Білмеймін, осы апта болатын шығар.

______________________________________________________________________________________

Тоқтаусыз уақыт бір сәт тоқтап, менің жанарыма назар салдың ба? Зымыраған уақыт сен мені бір сәт тоқтатып, сілкіп сілкіп неге алмадың?

Өмір зымырайды, ертеңдермен өзіңді жұбатып, үміттерді жалғайсың. Сенің айналаңдағы әрбір зат өзінің сен үшін ең маңызды екендігін көрсетумен болады. Олардың еркіне көнсең, ақырындап ағындарға қарсы шығуды ұмыта бастайсың. Дәл өзі. Басында арманың жарық жұлдыздай жарқырайды, жүрегің алып ұшады. Ақырындап барлығы өзінің қалыпты жағдайына келіп, жайлап уақытты азырақ бөле бастайсың. Басында әр күн сайын, ақырындап әр апта сайын, одан кейін айына бір рет ойлай бастайсың. Бір күні сол арманыңа қарсы шыққан жағдайларға қарсы тұруды ұмыта бастайсың. Жай ғана ұмыта бастайсың, Сөйтіп бір күндері арманым деп ойлаған затың жай ғана алыстан қол бұлғай бастайды.

Бірақ, бірақ!  Бір күні ояну керек. Ұйқыға кетіп бара жатқан жеріңнен түртіп қалу қажет!

Армандарыңа сен! Армандарымнан бас тарту деген сөз, өзімнен бас тарту деген сөз. Өзімнің ойымнан қысқа уақытта айнып шыққым келмейді, өзімді солай жерге қаратқым келмейді. Егер мен армандасам, сол заттарды іске асыра аламын.

Менің қолымда армандарымды іске асыруға көмектесетін барлығы бар. Сылтауларымды, тауып алатын орынсыз себептерімді өшіретін кез келді. Өзімде бар заттарға ризашылығымды білдіремін.

Кейін ондаған жылдардан кейін өкінгім келмейді. Өкіну сезімдердің ең жаманы, себебі қолымнан келіп тұрған заттан бас тарту тек ақымақтың ісі. Істеуім керек затты ертең емес, дәл қазір осы жерде іске асырамын.

Мен кіммін: ойыннан шығып қалатын жеңілгішпін бе, әлде жеңімпазбын ба? Тез бәрінен бас тартатын адаммын ба, әлде ойындағы істерді соңына жеткізгенше тыным таппайтын адаммын ба? Кіммін мен? Мақсатымнан алшақтататын ойлардан, істерден мен биігірек болуым керек. Шынайы жеңіліс бір ісіңнің орындалмай қалуы емес, бәрінен толығымыен бас тартып, үміт үзу. Менің қолымнан бұдан да жоғары істер келеді, ойыннан шығу әлсіздер мен жеңілгштердің хоббиі.

Мен күштімін. Менің бойымда барлық кездескен кедергілерге қарсы шығара алатын, жеткілікті күш бар. Қандай жағдай болмасын,  мен ары қарай бәрін жалғастыра аламын. Ары қарай жалғастыру арқылы мен үйрене аламын, өзімнің әлсіз және мықты тұстарым туралы көбірек біле аламын. Сәтсіздіктерімді зерттеу арқылы, келесі жолы не істеу керек екендігін білемін.  Сәтсіздіктер өмірде болатын қалыпты жағдайлар, бұл соңы емес. Бұл жай ғана өте шығатын құбылыстар. Сол құбылыстардың себебінен жай ғана тоқтап қалу арқылы мен ештеңе үйренбеймін. Ештеңе. Ештеңе болмайды!

Өзімді және өзгерді ынталандырғым келеді. Жеңілуден бас тартамын, қолымнан келгеннің бәрін істеп, мен тоқтамаймын. Менің тоқтамағанымды көріп, мені бақылаушылар да өздеріне жылу, сәл пәл шырақ алар. Олар да тоқтамас.

Егер мен осы жолы тоқтап қалсам, онда менің миым, санам жеңілуді үйреніп алады. Келесі жолы да маңызда сәттерде істен шығып, мені жолымнан да қалдыратын болады. Ойыннан шығу да, шыдамдылық та әдеттер. Қайсы қасиетті дамытқым келеді? Қайсы әдет менің бойымда болуы керек?

Үлкен мақсаттарың, күресетін себептерің болғанда, өзіңнен де биік асыл армандарың барда өмір сүру сондай таңғажайып! Кез келген биік істің өзінің төленетін ақысы, бағасы болады. Кездесетін мәселелер күрделі болған сайын, жеңіс те үлкенірек болады. Сондықтан шыдамды, тоқтамайтын қайсар болуым қажет. Көлеңкеден, тығылып отырған жеріңнен шық та, өзіңді әлемге көрсет! Сенің қолыңнан бәрі келеді, себебі бұл сенің шешімің. Батыр бол, батыл бол! Арманда, оны іске асыруда еңбек ет! Өзіңнен, өзіңнің армандарыңнан бас тартпа! Әрқашан алға қадам бас! Келе жатқан уақытқа үмітпен қара. Таңның алдында да қараңғы түннің бар екендігін ұмытпа! Шыдамды болсаң, әр таң саған қуаныш сыйлайды. Тоқтамаймын, сіз де тоқтамаңыз.

Добавить комментарий