#75. 2018♥Шынайы бол, ерекше бол, өзің бол

Сәлем, бұл Талшын. Ұзақ демалыстардан кейін сізбен жүздесіп отырғаныма шексіз шексіз қуаныштымын. Біразыңыздың мені сағынғаныңызды білемін. Сағыныш деген қандай тамаша сезім!

Мен сіздерді сағындым. Енді осы жылы асқан табандылықпен сіздермен бірге болғым келеді. Телефоныңызды мәз болып ашып қалғанда, айлар бойы ауыспаған подкастты көргендеріңізді қаламаймын.

Өмірдің толассыз күйбең тіршілігімен подкастқа уақыт таппай кеттім. Мен де жұтылып, өзімнің ерекшеліктерімді қалыпты күйдегі, стандартталған тіршілік иесіне айырбастап бара жатқанымды байқадым. Бір күні өзімді ұстап алып, не болған саған деп жұлқып жұлқып алғым келді!

Өзіңнің ерекшелігіңіді жоғалту, басқа адамға айналу. Әлем сені өзгертуі үшін оған қанша уақыт керек? Әлемнің мені өңдеуі үшін маған қаншалықты күш жұмсауы тиіс? Талшын, сен оны қабылда! Адамдардың бәрі ондай емес! Әлемнен өзің қалаған затттарды көремін деуің бекершілік!

Жоқ! Келісе алмаспын! Кім бізге не десе де, қалай өмірден көргенін айтып, өсиет айтса да! Өзіміз болуды, шынайы болуды, ерекше болуды жалғастырайық!  Сен өзің болғанда, басқаларды дәл сол күйлерінде қабылдайсың.

Көпшіліктің қабылдаған ережелері мен түсініктеріне, менталитетіне қарамастан өзің болу.  Ерекше, шынайы болу! Бұл біреудің көшірмесі болу, көпшіліктің бол деген образы саған сәйкес келмесе бас тарту деген сөз! Шынайы өзің болу ол адамға тән қасиет. ӘРбір адам өзіне тән ерекшелікпен, ерекше ойларымен, ерекше мақсатымен, ерекше сезімімен, ерекше қажеттілік пен мақсаттарымен дүниеге келеді. Енді сіз неге оны қалыпқа салғыңыз келеді?

Өзіңді алдама; өзің сезген істерді жаса! Әйтпесе ақырындап сені бәрі жұтып қояды. Жұтылма! Жүрегің көрсеткен бағытқа қарай жүр! Сен қалаған заттар біреу үшін тым кішкентай болып көрінуі мүмкін. Ал біреу сенің қалауыңның үш ұйықтасаң да түсіңе кірмейтініне сендіріп әлек! Сенің жүрегің қалаған зат кіші болса да, үлкен болса да ол сен қалаған істер! Алға қарай қадам бас! Өзің болудан ұялма!

Мен өзімнің кім екенімді білмеймін, өзімді әлі таппағанмын деуің мүмкін! ОЛ қалыпты жағдай! Біз өзіміздің жолымызды іздеуіміз керек! Тәжірибе жасау, көптеген істерді істеп көру, өзіңе не керек екенін табу саяхаты қандай тамаша!

Біз идеалды емеспіз, өзімізді қабылдап үйренейік. Біз қателіктер жасап, адасуымыз да мүмкін! Біз барлық істен озат емеспіз! Алайда біз қорықпай, қадам басуымыз керек.

Егер армандарың бар болса, соның артынан жүр!  

Ерекше болу, өзің болу деген сөз: өзіңнің кім екеніңді білу, өзіңнің мақсаттарың мен жоспарларыңды білу

Өзіңнің жанымен бірлікте болу! Не ойлайтының, не айтатының, не сезінетінің, не істейтінің бірлікте болсын!

Дәл қазір, осы жерде өмір сүр! Келесі жолы достарыңмен кездескенде телефоныңды алысқа қой! Тыңда, сол сәтте өмір сүр!

Ешқайсымыз идеалды емеспіз, алайда әрқайсымыз шынайы бола аламыз, өзіміз бола аламыз. Шынайы сен және мен …

2 Replies to “#75. 2018♥Шынайы бол, ерекше бол, өзің бол”

  1. Жарайсың! Асыға күтудеміз подкасттарыңды!

    1. Үлкен рахмет, міне осы аптада үш эпизод шығады! 🙂

Добавить комментарий